28 мау, 2017 сағат 11:18

Алматыда жоғалып кеткен 22 жастағы студент табылды

Алматыда жоғалып кеткен 22 жастағы студент Арман Нұржанұлы табылды, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы мәслихатының депутаты, қоғам қайраткері Константин Авершин айтты. "Арман Нұржанұлы табылды! Аман-есен. Есте сақтау қабілетіне байланысты проблемалар бар", - деп жазған Авершин жігітті іздестіруге ат салысқан адамдарға алғыс айта отырып.

Еске сала кетейік, 22 жастағы жігіттің іздестіріліп жатқаны жайлы 6 маусымда хабарланған болатын. Баспасөз қызметінің мәліметінше, Арман Нұржанұлы 1 маусымда үйінен кетіп, сол күйі оралмаған.