13 қаң, 2020 сағат 10:39

Алматыда жер телімінің 90 пайыздан астамы жеке меншікте – әкімдік

Алматыда жер учаскелерінің 90 пайыздан астамы жеке меншікте. Бұл туралы Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ Самамбетов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алматының ерекше мәртебесі туралы заңы» аясында жер қатынастары саласындағы функциялары мен құзыреттері кеңейтілді. Бізге жерді мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға қатысты екі тармақ толықтырылды. Яғни, көлік, энергетика, әлеуметтік нысандар саласындағы бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды салу және іске асыру жоспарлануда», - деді Ардақ Самамбетов.

Ол Алматыда жер учаскелерінің 90% -дан астамы жеке меншікте екенін атап өтті.

«Осыған орай, қабылданған заң аясында келесі мәселелер енгізілді. Ол – Жер кодексінің және мемлекеттік меншік туралы заңның талаптарына сәйкес жерді мемлекет мұқтажы үшін алып қою», - деді ол.