13 қыр, 2019 сағат 19:45

Алматыда жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді. ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 22 сағат 28 минут 41 секундта жер дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 230 шақырым қашықта орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8,8, магнитудасы – 3,6.

Жерасты дүмпуі 10 километр тереңдікте болған.

Қала тұрғындары жер сілкінісін сезбеген.