#
#
Сейсенбі 12/11/2019

Алматыда таудың құнарлы топырағын ұрлағандар жазаланады

  • 22.10.2019
  • 0
  • 164

Алматы қаласының Бостандық ауданында таудың құнарлы топырақ қабатын ұрлау фактісі анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Табиғат» экологиялық одақ төрағасының орынбасары Тимур Елеусізов өзінің Instagram парақшасында таулы аумақтағы құнарлы топырақ қабатын сату үшін қазып тастағаны туралы видеожазба жариялаған еді.

Аталған факті бойынша тергеу басталды. Бұл іс Алматы мамандандырылған экологиялық прокуратурасының бақылауында.

«Алматы қаласының мамандандырылған экологиялық прокуратурасы экологиялық полиция бөліміне және Алматы қаласы бойынша қала құрылысы басқармасының жер қатынастары саласындағы уәкілетті органға жауаптыларға шара қолдану және оларды жауапкершілікке тарту туралы нұсқау берді. Заңбұзушылық үшін 10-нан 50 АЕК-ке дейін айыппұл салынады», - деп хабарлады қалалық прокуратура.

Бұған дейін Алматыда белгісіз біреулер жекеменшік алма бағының ағаштарын кесіп тастаған болатын. Полиция тұрғындардың шағымынан кейін тергеуді бастады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар