12 қар, 2019 сағат 07:50

Алматыда тауда жоғалған қызды іздеу шаралары тоқтатылды

Үлкен Алматы көлінің маңына серуенге шығып жоғалып кеткен турист қызды іздестіру шаралары тоқтатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Кеше туыстары хабарласып, қызды іздеуді тоқтатуды өтінді. Себебін білмейміз. Қыз табылған болуы мүмкін», - деді ҚР ІІМ ТЖК Республикалық құтқару жасағының баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, бойжеткеннің жоғалып кеткенін айтып туыстары 10 қараша күні кешке дабыл қаққан. Олард ың сөзінше, қыз соңғы уақытта тау туризмімен айналысып жүрген.

9 қараша сағат 13:00 шамасында ол Үлкен Алматы көлінде түскен фотосын әлеуметтік желіге жариялаған. Одан кейін байланысқа шықпаған.

Хабарламадан соң құтқару жасағы ауа райының қолайсыздығына, түк көрінбейтін қараңғылыққа қарамастан түнімен іздеді.

Іздеу шараларына, сонымен қатар, 11 адамнан тұратын кинологиялық құрам жұмылдырылды.