20 нау, 2019 сағат 10:30

Алматыда сот Жомарт Ертаевты қамауға алды

Алматы тергеу соты Жомарт Ертаевты  қамауға алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" тілшісі  қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Медеу аудандық сотының  7 наурыздағы Жомарт Ертаевты қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын негізді деп қабылдады. Қамауда ұстау мерзімі 2019 жылдың 15 наурызынан 15 мамырға дейін жалғаспақ. Үйқамақта ұстау туралы өтініш қанағаттандырылмады. Отырыс күдіктінің қатысуымен өтті», - деді соттан.

Бұрын хабарлағанымыздай, Жомарт Ертаевпен бірге банктің 41 топ менеджері мен жұмысшысы күдікке ілінген еді. Айта кету керек, Жомарт Ертаев биыл 15 наурызда Қазақстанға экстрадицияланған болатын.