#
#
Сейсенбі 10/12/2019

Алматыда сот актілерін орындау бөлімінің басшысы 2 млн теңге пара алған

  • 22.11.2019
  • 0
  • 353

Алматы қаласы Бостандық ауданының сот актілерін орындау жөніндегі бөлім басшысы міндетін атқарушы пара алғаны үшін күдікке ілінді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агентігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласының әділет департаментінің ішкі қауіпсіздік және персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімнің қызметкерлерімен бірлесіп Алматы қаласы әділет басқармасының Бостандық ауданы бойынша сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі басшысы міндетін атқарушысын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша әшкереледі.

«Ол сот актісін орындамау фактісі бойынша мүлікке тыйым салу шарасын қолданбау және ішкі істер органдарына материалдарын жібермеу үшін ЖШС директорынан 2 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде», делінген хабарламада.

Агенттіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктінің кінәсін толық мойындауына және оның сотқа дейінгі тергеуді жеңілдетілген өндірісте аяқтау туралы өтінішіне байланысты оған қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Күдікті кінәсінің деңгейін анықтай отырып, оған қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар