03 сәу, 2020 сағат 10:28

Алматыда соңғы тәулікте 1 ғана науқас тіркелді

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирустық инфекцияға байланысты эпидемиологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның айтуынша, 3 сәуірде Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 91 жағдайы тіркелді. 

«Қазір инфекциялық стационарларда 79 пациент емделіп жатыр. Олардың бірі - Алматы облысының тұрғыны. 66 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жай-күйі – ауыр, 11 ересек адамның жай-күйі – орташа ауырлық деңгейінде (олардың біреуі облыстан). Жаңадан анықталған науқас ауырған адаммен байланыста болған», - деді басқарма басшысы. 

Оның айтуынша, провизорлық орталықтарда 613 адам карантинде жатыр, оның ішінде 79-ы — бала. 

Екі күндік карантинде – 446 адам, үй карантинінде – 4411 адам оқшауланған.