07 сәу, 2020 сағат 15:18

Алматыда серуенге шыққан 26 адам қамауға алынды

Алматыда серуенге шыққан 26 адам қамауға алынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, өткен тәулікте ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы 6-бөлігіне сәйкес төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін, атап айтқанда көшеде негізсіз жүрген 59 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 26-сы қамауға алынды, 32 адамға айыппұл салынды, біреуіне ескерту жасалды. 

«Жалпы төтенше жағдай режимі енгізілгелі бері 105 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 46-сы қамауға алынып, 55 адамға айыппұл салынды. Ал кеше мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабына сәйкес 65 әкімшілік материалды қарады» – деп хабарлайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінен.