17 қаң, 2020 сағат 11:45

Алматыда «Сергек» он бес күнде 53 миллион теңгеге айыппұл салды

Алматыдағы «Сергек» камералары он бес күнде 53 миллион теңге көлеміндегі жол ережесін бұзу фактісін анықтады, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«Қазірдің өзінде шамамен 53 миллион теңгеге 3200-ден астам заңбұзушылық анықталды. Күніне орта есеппен 200-ге жуық жол жүру ережесін бұзғандар тіркеледі», - дейді әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұратәлиев.

Оның айтуынша, қалада 400 «Сергек» камерасы бар. Оның 300-і жоғары жылдамдықты, қалған 100-і сызықтық режімде жұмыс істейді.