22 там, 2019 сағат 12:58

Алматыда сел жүру қаупі болған аудандарға ауызсу берілді

Алматыда сел жүру қаупі бар деген Наурызбай ауданын ауызсумен қамтамасыз ету қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«22 тамызда Наурызбай ауданындағы Құрамыс, Таусамалы және Қарғалы ықшамаудандарының тұрғындары үшін суық су қайта берілді. Қарғалы өзеніндегі су тазарды. Бұл сүзгі станциясының жұмысын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта суды тазартудың барлық кешені жұмыс жасаудаСуды залалсыздандыру, су қабылдау қондырғылары ретке келтірілуде», - делінген «Алматы Су» хабарламасында

Коммуналдық қызмет қосымша өзен арнасын, сүзгілерді, тұндырғышты және сумен жабдықтау желілерін тазарту бойынша жұмыстар жүргізді. Ауыз су барлық тұтынушыларға кешке дейін  жетеді. Қазір қысымды сынау және су қысымын реттеу жүргізілуде.

«Су тоқтатылған уақыттан бастап «Алматы Су» кәсіпорны аудандағы су есептегіштері жоқ тұтынушыларға төлем жасау үшін, қайта есептеп береді»- дедікомпания.

Еске салсақ, Алматыда сел жүру қаупінен кейін үш шағын аудан ауызсусыз қалған еді.