04 қыр, 2019 сағат 12:46

Алматыда полицейлер жол апатына ұшырады

Алматыда полиция қызметкерлерінің көлігі жол апатына түсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жол апаты кеше түнгі 3 шамасында Алмалы ауданында болған.

Део Нексиа көлігі Абылай хан көшесімен солтүстікке бағыт алып келе жатып, Мақатаев көшесіне бағдаршамның қызыл түсіне қарамай бұрылған. Салдарынан ол екі көлік - Тойота Королла мен полиция экипажы отырған Хюндай Элантра машинасымен соқтығысты. Део Нексиа көлігінің рулінде 32 жастағы жігіт болған.

Соққының кесірінен Хюндай жүргізушісі мен жолаушылары – полиция қызметкерлері жарақат алған. Олар өздеріне бекітілген аумақта қызметін атқарып жүрген.

Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.

«Бұл дерек Алмалы аудандық полиция басқармасының өндірісіне алынды. Део Нексиа көлігін тізгіндеген адамның  жүргізушілік  куәлігі болмаған», - деді полициядан.