#
#
Cәрсенбі 29/01/2020

Алматыда пиротехниканың жарылуынан 2 адам жарақат алған

  • 12.12.2019
  • 0
  • 185

Алматыда 2019 жылы пиротехниканы дұрыс пайдаланбаудан 2 адам зардап шекті. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ТЖД өкілдері өткізген брифинг барысында айтылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жыл сайын Алматыда 31 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін орта есеппен 10-20 өрт болады.

«Соңғы 5 жылда 61 өрт болған, оның 11-і пиротехникалық бұйымдарды дұрыс қолданбаудан болған. Алайда жылдан жылға пиротехникалық заттарды қолдану азайып келеді. 2015 жылы - 21 өрт, 2016 жылы – 10 өрт, 2017 жылы 14 өрт, 2018 жылы – 13 өрт, 2019 жылы 5 өрт тіркелген. Соңғы екі жылда пиротехникалық бұйымдардың кесірінен өрт болған жоқ», - деді ТЖД төтенше жағдайлардан болатын тәуекелдерді азайту және азаматтық қорғаныс саласын бақылау басқармасының басшысы Айдос Нүсіпбаев.

Оның айтуынша, пиротехника өнімдерін дұрыс қолданбаудан адамдар жиі зардап шегеді.

«2015 жылдан бергі 4 жыл ішінде 138 адам жарақат алған. Оның ішінде 73-і - бала. Бір айта кетерлігі, жылдан жылға жарақат алғандардың саны азайып келеді. 2015 жылы - 57 адам, оның ішінде 21 бала жарақат алған. Биыл қаңтар айында 2 адам жарақат алды. Оның бірі – кәмелет жасына толмаған бала», - деді Айдос Нүсіпбаев.

Алматы қалалық жедел жәрдем стансасының маманы адамдардың көбінесе қандай жарақатпен түсетінін айтты.

«Көбінесе адамдарды күйік шалады. Халық арасында 1-2 дәрежелі күйікпен жиі түседі. Көп жағдайда адамның беті, қол-аяғы, көзі жарақаттанады. Балаларға 12 жасқа дейін пиротехникалық заттарды қолдануға болмайды. Міндетті түрде қасында ересек адам болуы керек», - деді жедел жәрдем стансасының дәрігері Әсел Халилова.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар