15 қаң, 2018 сағат 10:48

Алматыда пәтерлердің бірінде жарылыс болды

Алматыдағы пәтерлердің бірінде газ бен ауа қоспасының араласуы нәтижесінде жарылыс болды. Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс жасап жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Төтенше жағдай Таугүл шағын ауданындағы 11-үй, 38-пәтерде болған.


Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға газ құрылғысының дұрыс орнатылмағандығынан болған. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс күшінен пәтердегі және көршілердің есіктері мен терезелері ұшып кеткен. 

Оқиға болған кезде үй иесі іште болған. Ол ауруханаға жеткізілді.