#
#
Бейсенбі 24/10/2019

Алматыда өртенген жиһаз цехы: Әйел адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • 17.09.2019
  • 0
  • 381

Алматы полициясы өртеніп кеткен жиһаз цехында мерт болған әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, өртенген жиһаз шеберханасында өлі табылған әйелдің кім екені анықталды. Ол осы цехта жұмыс істейтін 59 жастағы әйел болып шықты.

«Бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Бұл ҚР ҚК 292-бабының 2-бөлігі бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу. Аталған қылмыстық іс бойынша сот-медициналық сараптама мен тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды», - деп хабарлады Алматы қалалық ПД.

Еске сала кетсек, Жетісу ауданының Ратушный көшесіндегі шеберхана өртенді. Тілсіз жау цехтың 1 200 шаршы метр аумағын шарпыған. Оның сөндіруге 20 техника мен 60 адам жұмылдырылды. Өрт сөндірілген соң жиһаз цехынан әйел адамның денесі табылған болатын.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар