03 сәу, 2020 сағат 16:31

Алматыда оқушылар дүйсенбіден бастап бейнесабақ арқылы оқиды

Алматыда оқушылар дүйсенбіден бастап бейнесабақ арқылы оқиды. Бұл туралы бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әкімнің айтуынша, сабақтар Алматы телеарнасында көрсетіледі.

«Дүйсенбіден бастап «Алматы» телеарнасынан бейнесабақтарды көрсетуді бастаймыз. Жұмыс күндері сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін 9-11 сынып оқушыларға негізгі пәндер бойынша сабақ беріледі. Бұл — қашықтан берілетін сабақтарға қосымша жақсы мүмкіндік. Барлығымыз, педагогтер де, ата-аналар да оқытудың жаңа жүйесіне тезірек бейімделгеніміз жөн. Карантин аяқталғаннан кейін де оқу үрдісінің жалпы деңгейін төмендетіп алмай жалғастыруымыз маңызды«, - деді әкім әлеуметтік желідегі парақшасында.