15 қаз, 2019 сағат 12:42

Алматыда «Невада-Семей» қозғалысының вице-президенті ұсталды

Алматыда «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының вице-президенті Харон Дадаев ұсталды. Ол алаяқтық жасады деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Алматы қалалық полиция департаменті азамат Д. биыл қыркүйекте ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі 4-тармағы («Алаяқтық, ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен») бойынша айып тағылып, ұсталды. Қазіргі уақытта осы істің материалдары сот өндірісінің қарауында», - делінген ресми хабарламада.

Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.