#
#
Бейсенбі 21/11/2019

Алматыда науқасты ауруханаға алып бара жатқан жедел жәрдем көлігі аударылды

  • 21.10.2019
  • 0
  • 121

Алматыда науқасты ауруханаға алып келе жатқан жедел жәрдем көлігі аударылып, фельдшер мен науқас зардап шекті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жол-көлік оқиғасы Құлжа тасжолының бойында әуежайға баратын жолда болған.

Куәгерлердің айтуынша, науқасты үйінен алып кеткен жедел жәрдем көлігі оңтүстік бағытта арнайы жолақпен дабылын қосып келе жатқан. Шеңберге жеткен тұста кептелістен шығуды ойлаған Lexus GS 300 маркалы автомобильдің жүргізушісі арнайы жолақпен жүріп, жедел жәрдем көлігін соққан, соның салдарынан дәрігерлер отырған көлік аударылды.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, №4 балалар клиникалық ауруханасына фельдшер, бала және оның анасы жеткізілді. Олар жедел-жәрдем көлігімен жұқпалы аурулар ауруханасына «ЖРВИ» диагнозымен кетіп бара жатқан болатын.

«Жолаушыға жұмсақ тіндердің жарақаты, кеуде қуысының жабық жарақаты диагнозы қойылды. Ол амбулаториялық емделуге жіберілді. Фельдшердің беті сырылған, көгерген ол да амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. 9 айлық нәрестені Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығына апарды, онда оны көпсалалы бригада тексеріп шықты. Балада бас сүйек ми жарақаты жоқ. Сондықтан, жедел респираторлы вирустық инфекция диагнозымен жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады басқармадан.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар