29 қар, 2019 сағат 11:40

Алматыда метросына қанша қаражат бөлінді? – Әкім жауабы

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев метро станциясының құрылысы мен бюджеттен бөлінген қаржы туралы айтты, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«Биыл метро құрылысы бойынша бұрынғыдан көбірек қаражат алдық. Үкімет бізді қолдады. Құрылысты жүргізу үшін 20 миллиард теңгедей бөлінді. Соңына дейін барамыз. Алда 4 станса бар, 2 станса қаражатпен қамтылды. Алдағы екі түпкі станса келешекте салынады» деді әкім ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Қала әкімінің айтынша, метро құрылысы бюджет есебінен жүріп жатыр.