06 мау, 2020 сағат 08:43

Алматыда мектеп түлектері кортежінің жүргізушілері жазаланды

Алматыда жол ережесін бұзған кортеж жүргізушілері бірнеше баппен әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл оқиға Медеу ауданында болған. 

«Түлектер мінген 3 көлік Медеу шатқалына бара жатқан жолда өрескел жол ережесін бұзған. Жүргізушілер әкімшілік жазаға тартылды. 20 жастағы Toyota Land Cruiser 100 жүргізушісі ҚР ӘқбК 593-бабының 1-тармағымен, 595-бабының 1-бөлімімен, 596-бабының 2-бөлімімен, 601-бабының 1-бөлімімен, 606-бабының 1-бөлімімен жазаға тартылды. 42 жастағы «Mitsubishi Outlander» жүргізушісі ҚР ӘқбК 593-бабының 1-тармағымен, 595-бабының 1-бөлімімен, 614-бабының 1-бөлімімен, 45 жастағы «Toyota Camry» жүргізушісі ҚР ӘқбК 593-бабының 1-тармағымен, 595-бабының 1-бөлімімен, 601-бабының 1-бөлімімен әкімшілік жауапқа тартылды», - деді қалалық әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев. 

Осыған дейін түлектердің кортежі әлеуметтік желіде жарияланған болатын. 

Айта кетейік, биыл пандемияға байланысты Қазақстанның мектеп бітірушілері 3-4 маусымда барлық санитарлық нормаларды сақтап, аттестат алды.