22 ақп, 2021 сағат 16:02

Алматыда медицина қызметкерлеріне вакцина салудың екінші кезеңі басталды

Алматы емханаларында СOVID-19-ға қарсы ревакцинация басталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін Алматыға КВИ-ға қарсы вакцинаның екінші партиясы 1750 доза жеткізілді. 

Ковидке қарсы препаратты тасымалдау барлық талапқа сай жүргізілді. 

«Вакцина 18 градустан төмен емес температурада суық тізбекті сақтау талаптарына сәйкес температуралық тіркеуші орнатылған арнайы автокөлікпен жеткізілді. Орташа температура 22-24 градусты құрады. Вакцина бірден орталықтандырылған вакцина қоймасының мұздатқышына салынды», - деді Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының эпидемиологиялық қауіпсіздік және инфекциялық бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі директордың орынбасары Эльвира Ибрагимова. 

Қала әкімдігінің мәліметінше, ревакцинация 1750 адамға есептелген, яғни бұл алғашқы вакцинаны алған медицина қызметкерлері. 

Наурыз айында екінші кезең үшін тағы 9 800 доза жеткізіледі. Сонымен қатар, иммундауға тартылған емханалар желісі кеңейтіледі. Вакциналар келіп түскеннен кейін өз еріктерімен өтініш білдірген медициналық қызметкерлер екпе ала бастайды. 

№36 емхананың бас дәрігері Гүлжайнат Тілеген егу алдында барлық қызметкерлер дәрігердің тексеруінен өтетінін айтты. Екпені алғаннан кейін 30 минут ішінде вакцина салдырғандар жеке бөлінген бөлмеде бақылауда болады. 

«Бүгін 65 медицина қызметкері екпе алды. Вакцинаны алғандардың бәрі өздерін жақсы сезінеді, ешқандай жанама әсерлер байқалмайды. Қалған 95 адам ертең вакцинациядан өтеді», - дейді дәрігер. 

Оның айтуынша,екпе салынғаннан кейін профилактикалық шаралар орындалуы тиіс. Ол әлеуметтік қашықтық және бетперде тағу, ал ЖРВИ белгілері анықталған адамдар дәрігерге баруы қажет. 

Вакцинаны ең алдымен, иммунизацияны жұқпалы аурулар ауруханасының, жедел жәрдем көмегінің, реанимация, медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МАСК), қабылдау бөлімшесінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмыскерлері алады. 

Екінші сатыда вакцинамен жалпы білім беретін мектептің, жоғары оқу орындарының, бірінші сатыға кірмеген медициналық қызмет жұмыскерлерін қамтиды. 

Үшінші сатыға мектеп-интернаттың, мектепке дейінгі балалар мекемесінің педагогтары, студенттер және созылмалы аурумен ауратын адамдар, әлеуметтік-медициналық мекеме жұмыскерлері жатады. Вакцина алуға профилактикалық екпе кезінде қарсы көрсеткіштері болған адамдарға рұқсат етілмейді. 

Алғашқы вакцина 1 ақпаннан 19 ақпанға дейін жүргізілді. Нұсқауларға сәйкес екінші компонент түпкілікті иммунитетті қалыптастыру үшін 21 күннен кейін енгізілуі керек.