08 қаз, 2019 сағат 11:32

Алматыда марафонға байланысты бірнеше көше жабылады

13 қазан күні Алматыда жартылай марафонның өтуіне байланысты бірнеше көшеде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жартылай марафон Тұңғыш Президент саябағынан бастау алады. Мұстафин көшесінен бастап Навои көшесіне дейін әл-Фараби даңғылының бойы түнгі 00:00-ден 12:30-ға дейін жабылады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі (Мұстафин көшесінен Навои көшесіне дейін) 07:20-дан 08:00-ге дейін ғана жабық тұрады.

Әл-Фараби даңғылындағы қозғалыс: Мұстафин – Шашкин көшелері 07:00-ден 11:30-ға дейін жабық болады. Көліктерге әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағымен жүруге рұқсат.

Сейфуллин даңғылында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін сағат 07:30-дан 10:00-ге дейін қозғалыс толығымен шектеледі.

Абай даңғылы Сайын көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін сағат 07:20- 12:00 аралығында жабылады. Солтүстік беті автокөліктерге ашық болады.

Сайын көшесі әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін сағат 07:00- 11:00 – жабық. Батыс беті ашық болады.

Бұл мәліметтер жарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытының бөлінуін ескере отырып енгізілді.

Тұңғыш Президент саябағына жетуге ұсынылатын бағыт:

Мұстафина көшесінің оңтүстік жағымен әл-Фараби даңғылына дейін,

Навоидан оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін,

Садықова көшесінің солтүстігімен әл-Фараби даңғылына дейін,

Дулати көшесінің солтүстік жағымен әл-Фараби даңғылына дейін.

Ұйымдастырушылар көшеде көлік қозғалысы қиын болғандықтан, қатысушыларға Тұңғыш Президент саябағына дейін автобуспен жетуге кеңес береді.

Естеріңзіге салайық, 13 қазан күні (жексенбі) Алматы жартылай марафоны өтеді. Әуесқой жүгірушілер үшін екі қашықтық ұсынылған – 21,1 және 10 км. Жалпы 5 мыңға жуық спортшы стартқа қатысуды жоспарлап отыр.