31 шіл, 2018 сағат 13:20

Алматыда Lexus 7-8 жастағы балаларды қағып кетті (Видео)

Алматыда Lexus  автомобилі 7-8 жастағы балаларды қағып кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Шаляпин мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болған жол апатының видеосы Instagram желісіндегі kris_p_almaty паблигінде жарияланды.

Бейнекадрда көрсетілгендей, Lexus көлігі көшені кесіп өтпек болған екі баланы қағып тоқтаған.

Куәгерлердің айтуынша, балалардың бірі арыққа қарай құлап кетсе, екінші көліктің алдына қарай 5 метр қашықтыққа ұшып түсті. Балаларды түрлі жарақаттармен жедел жәрдем ауруханаға алып кетті. 

«Бала құрбымның ұлы. Жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр. Екінші бала есін біледі», - деді Нина Алимовна.

"1994 жылғы жүргізуші Шаляпин мен Өтеген батыр көшелерінің қилысында жанармай құю бекетіне қарама-қарсы жерде 2011 және 2009 жылғы балаларды қағып кеткен. Балалар аяқтарын жарақаттап алды. Бірден ауруханаға жеткізілді. Алған жарақаттары орташа немесе ауыр болса, сотқа дейінгі тергеу басталады. Қазіргі уақытта іс материалдары әкімшілік өндіріске жолданды", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі.