29 қаң, 2019 сағат 13:22

Алматыда қырғыз дирижері Бақтыбек Тілегеновтің шығармашылық кеші өтеді

31 қаңтар күні Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің концерт залында танымал дирижер, Қырғыз Республикасының халық әртісі Бақтыбек Тілегеновтің «Қазақ-қырғыз тартуы» атты шығармашылық кеші өтеді.

Концерт екі ел арасындағы мәдени шығармашылық байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылып отыр, сонымен қатар көршілес Қырғыз ағайындарының Құрманғазы оркестрінің 85 жылдық мерейтойына тартуы болып табылады.

Бақтыбек Тілегенов – Қырғыз Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, Қырғыз Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, халық аспаптар және Бішкек қалалық мэриясы үлкен симфониялық оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі.

Концертке Қазақстан мен Қырғызстанның белгілі әртістері: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері – Батыржан Мықтыбаев, Халықаралық байқаулардың лауреаттары: Дуйшонбек уулу Закирбек (қобызшы), Бокоева Бактыгуль (сопрано), Аскат Мусабеков (тенор) қатысады.

Басталуы сағат 19.00-де.