#
#
Сенбі 06/06/2020

Алматыда коронавирустан екі жасар сәби емделіп шықты

  • 01.04.2020
  • 0
  • 182

Алматыда қазіргі уақытта инфекциялық стационардан COVID-19 анықталған 3 пациент емделіп шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Олар - қалалық клиникалық инфекциялық ауруханада ем қабылдаған бір бала мен екі пациент. Олардың біреуі 31 наурыз күні кешке ауруханадан шығарылды. 

Ауруханадан шығарылған пациенттер 14 күндік үй жағдайындағы карантинде болады. 

Екі пациент 13 наурызда Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен келген. 

Олар келген кезде шектеу енгізіліп, жаңа алгорит мен Қаулы іске қосылған. Экипажды қосқанда, 12 адамнан тұратын бүкіл борт оқшауланып, карантинге жабылды, инфекциялық стационарға жатқызылды, зертханалық зерттеу үшін анализдер алынды. Жеті адамнан диагноз расталған. 

Үшінші пациент – бұған дейін анықталған науқаспен байланыста болған адам. 

Бүгінде Алматыда коронавирустен сауығып шыққан 10 адам ауруханадан шығарылды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар