07 сәу, 2020 сағат 09:51

Алматыда коронавируспен күреске қанша ақша бөлінді?

Алматыда коронавирус инфекциясымен күреске кезең-кезеңімен ақша бөлінген. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның айтуынша, Алматыдағы медицина саласына кезең-кезеңімен қаражат бөлінген. 

«Бірінші транш – Үкімет резервінен 73,5 млн теңге бөлінген болатын. Бұл қаражатқа медицина қызметкерлеріне жеке қорғаныс құралдары мен науқастарды емдеу үшін дәрі-дәрмек сатылып алынды. Одан кейін 94,5 млн теңге әкімдік тарапынан бөлінді. Бұл қаражатқа жеке қорғаныс құралдары, дезинфекциялау құралдары сатылып алынды. Үшінші рет 1 млрд 300 млн теңге бөлінді. Бұл қаражат жеке қорғаныс құралдары мен зарарсыздандыру құралдарын, антисептик, дәрі-дәрмек сатып алуға жұмсалды», - деді басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев.