07 сәу, 2020 сағат 09:41

Алматыда коронавирус инфекциясы табылмаған 203 адам ауруханадан шықты

Алматыда коронавирус табылмаған 203 адам провизорлық емханадан шығарылды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тек кеше ғана провизорлық орталықтардан 203 адам үйіне шығарылды, оның ішінде 44 бала бар. Олардың барлығы 14 күндік карантинде болған. Олардың тест нәтижесі коронавирус жоқтығын көрсеткен соң ауруханадан шығарылды. Карантиндік оқшаулауда қазір 385 адам, оның ішінде 39 бала бар. Үй карантинінде 5144 адам жатыр», - деді Тілеухан Әбілдаев.

Осы уақытқа дейін Алматыда 21 адам жазылып шыққан.