04 сәу, 2020 сағат 08:52

Алматыда корновирус жұқтырған 16 науқастың біреуінің жағдайы ауыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінен кейінгі 93 науқастың қатарына тағы 16 адам қосылды, олардың бәрі - вирус жұқтырған жандармен қарым-қатынаста болғандар. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазіргі уақытта Алматыда коронавирус індетін жұқтырған науқастар саны 109-ға жетті. 16 науқастың біреуінің жағдайы ауыр, қалғандарының денсаулығы қанағаттанарлық. Олардың бәрі де коронавирус жұқтырғандығы расталғанда станционарда оқшауландырылған еді», - делінген қалалық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада. 

Төрт науқас «Мәскеу – Алматы» рейсімен ұшып келген бір жолаушымен байланыста болған. Олардың біреуі науқастың анасы, 2009 және 2017 жылы туған екі баласы және бір байланыста болған адам. 

«Екеуі – 16 наурызда Стамбулдан, екеуі – 10 наурызда «Мәскеу – Алматы» рейсімен ұшып келген, тағы біреуі – 13 наурызда Берлин рейсімен жеткен, енді біреуі вирус жұқтырған адаммен байланыста болған»,-делінген хабрламада. 

Алматыда коронавирустан емделіп шыққандардың жалпы саны – 19. 

Олардың бәрі қазіргі таңда 14 күндік үй карантинінде.