21 қар, 2019 сағат 08:08

Алматыда көпқабатты үй бұрыштарын қаптауға тыйым салынады

Алматыда жаңа дизайн-код ережелерінің енгізілуіне байланысты бұрышта орналасқан пәтер иелеріне үйлерін сыртынан қаптауға тыйым салынады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл мәселені Facebook желісінде қала тұрғыны Дина Избастова көтерді.

Ол Ақсай-4 шағын ауданында орналасқан көпқабатты үйдің суретін жариялады.

Бұрыштағы пәтер иелері үйлерін пенопластпен қаптаған.

Қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасы бұл мәселеге қатысты пікір білдірді.

«Болашақта ортақ ережелер – дизайн коды енгізілгеннен кейін тұрғындар типтік нормаға сай өз үйлерінің сыртқы келбетін өздері қадағалайтын болады. Ол кезде ортақ архитектуралық қасбетке қарсы шығып, басқаша жасау мүмкін болмайды», - деді басқармадан.

Мұның алдында қалада ортақ дизайн-код енгізілетіні жайлы жазған болатынбыз.