#
#
Сейсенбі 24/09/2019

Алматыда көлігімен кері қарай жүрген Gelandewagen жүргізушісіне айыппұл салынды

  • 10.09.2019
  • 0
  • 101

Алматылық 22 жастағы «Gelandewagen» жүргізушісіне көлікпен артқа жүргені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Алматы полициясына сілтеме жасап.

Алматылық жас жүргізушіге полиция бірден үш хаттама толтырды. Әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл салды.

«Әдетте, жол ережелерін бұзатындар бұған алдын ала дайындалады. Жас жігіт өзінің көлігіне жалған нөмір белгілерін орнатқан. Осы үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 3-тармағына сәйкес 15 АЕК айыппұл төлеуі тиіс. Жалған нөмірлі көлікті басқарғаны үшін 20 АЕК айыппұл немесе 6 ай мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылады. Қазір бұл өндіріс материалдары шешім қабылдау үшін Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді», - деді АП Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

Бұдан бөлек, жүргізушіге көлігін артқа айдағаны үшін үшінші хаттама толтырылды. Жол жүру ережесін өрескел бұзғаны үшін ол 10 АЕК айыппұл төлейді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар