#
#
Жұма 05/06/2020

Алматыда карантин кезінде жақын дүкен мен дәріхананы қалай табуға болады?

  • 02.04.2020
  • 0
  • 219

Күшейтілген карантин режімінде ең жақын азық-түлік дүкені мен дәріхананы қалай табуға болады? Бұл туралы бүгін қала әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Адамдар жақын жердегі дүкендерге ғана баруы керек. Бұл мәселе тек тұрғындар арасында ғана емес полиция патрульдеріне де түсіндіріледі. Штаб басшысы, қала әкімі күнде таңғы жиналыстарда осыған мән береді. Әр полиция қызметкері әр ситуацияға түсінікпен қарауы тиіс», - деді қала әкімі. 

Бұл қашықтықты полиция арнайы планшеттер арқылы бақылайтын болады. 

«Оларда планшет, телефон, гаджеттер бар. Google, 2gis, Яндекс қосымшалары жүктелген. Полиция осылай әр адамның жүрісін реттейтін болады. Тек жекеменшік сектордың тұрғындарына қатысты талап өзгеруі мүмкін. Адамның қолында азық-түлік болмаса ешкім оны қамап тастамайды. Бұл – мәжбүрліктен туып отырған шара. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, адамдар толық оқшауланса ғана індет көрсеткіштері төмендейді. Өкінішке орай бұл көрсеткіш әлі өсіп келеді», - деді Е. Қожағапанов.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар