#
#
Cәрсенбі 29/01/2020

Алматыда ірі ЖОО-ларды қала сыртына көшіру ұсынылды

  • 12.12.2019
  • 0
  • 189

Kazakhstan Urban Conference 2019 отырысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы 2050» стратегиясына қатысты тұрғындардың ұсыныстарын таныстырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әкімнің айтуынша, қала тұрғыны Әлішер Сағидоллаев ірі ЖОО ғимараттарын қала сыртына шығаруға ұсыныс білдірген.

Шаһар басшысы бұл ұсыныс мұқият талқылауды қажет ететіндігін, егер ЖОО-лар қала сыртында өз университеттік кампустарын салса, жақсы болатынын атап өтті.

«Кейбір университеттер қала сыртында өз қалашығын құрап, кампус жасаса болады. Алатау инновациялық технологиялар паркі маңына орналасу туралы біраз университет басшылығы ұсыныс білдірген де болатын. Алайда, бұл сұрақ мұқият талқылауды қажет етеді. Себебі, ол жақта орналасу үшін алдымен, ыңғайлы көлік инфрақұрылымын шешіп алу керек. Мүмкін, метроны тарту керек, әлде қаламен байланысты жақсартуға мүмкіндік беретін басқа да жолдарды іздеу қажет», - деді әкім.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар