01 қаз, 2019 сағат 15:13

Алматыда интим қызмет көрсететін еркектерді тонайтын топ ұсталды

Алматыда интим қызмет көрсететін еркектерді тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаментінің хабарлауынша, ұсталған төрт күдіктінің біреуі әйел. Олар қалада пәтер жалдап, интим қызмет көрсететін еркектерге қоңырау шалып, пәтерге шақырған. Кейін оны бәрі жабылып ұрып-соғып, ақшасын, бағалы заттарын тартып алған.

«Күдіктілер қонақтарын жалға алынған пәтерге шақырып отырған. Күш көрсету арқылы олардың құнды заттарын: ақша, ұялы телефондар, зергерлік бұйымдарын тартып алған. Қарақшылар жыныстық қызмет көрсететін еркектер полицияға бармайды деп ойласа керек. Олардың қалада жасаған осындай 4 эпизоды дәлелденді. Күдіктілердің екеуі бұрын біреудің мүлікін қолды еткендері үшін жауапқа тартылған. Ең жасы үлкені қыз, ол 27 жаста, қалған қатысушылар 1998, 1999 және 2000 жылы туғандар. Олар Алматыға Қазақстаның басқа облыстарынан келген. Сондай-ақ, еш жерде жұмыс істемейді. Олар ақшаны осындай қылмыстық жолмен табуды шешкен» - дейді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр

Қазір олардың барлығы тергеу изоляторында, ҚР ҚК 190 бабының 2-бөлігі – қарақшылық қылмысы бойынша айыпталушы ретінде сот отырысын күтуде.