21 мам, 2019 сағат 13:09

Алматыда «Елбасы. Жастар. Жасампаздық» жобасы іске қосылмақ

Алматыда Елбасы кітапханасының «Елбасы. Жастар. Жасампаздық» көшпелі ақпараттық-имидждік жобасының ашылу салтанаты өтеді. Жоба атауы Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауымен тығыз байланысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Елбасы. Жастар. Жасампаздық» жылжымалы ақпараттық-имидждік жобасы Елбасының жасампаз, шығармашыл идеялары мен бастамаларын дәріптеуге, қалың жұртшылыққа бірегей қорды көрсетуге және насихаттауға, экскурсияларды ұйымдастырудың әдістерін дамытуға, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметін таныстыруға бағытталған», - делінген Елбасы кітапханасы баспасөз қызметінде.

Жоба тұсаукесерінде ҚР Мемлекеттік күзетінің Президенттік оркестрі арнайы дайындаған плац-концерттік бағдараламамен өнерін паш етеді. Ал ҚР Мемлекеттік күзеті қызметі Құрмет қарауылының ротасы жұртшылықтың назарына әскери дефилесін ұсынбақ.

Аталмыш шара, 23 мамырда сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтеді.