02 қыр, 2016 сағат 08:49

Алматыда Дмитрий Баландин атындағы жүзу бассейні ашылды

"Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қалашығында ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Дмитрий Баландин атындағы жүзу бассейні ашылды", - деп жазады Massaget.kz порталы.

Қара шаңырақ ҚазҰУ қалашығынан орын тепкен жүзу бассейнінің ашылу салтанатына қала әкімі Бауыржан Байбекақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы Олжас Сүлейменов, оқу ордасының ректоры Ғалымқайыр Мұтанов ЖОО түлектер ассоциациясының президиум мүшелері, студенттер мен оқытушылар, қоғамдық ұйымдар қатысты.

Сурет: Massaget.kz