#
#
Cәрсенбі 01/04/2020

Алматыда дәрігерлер қорғаныс костюмдерін өздері тігіп жатыр деген ақпарат жалған

  • 26.03.2020
  • 0
  • 92

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем қызметкерлері жұқпалы індетке қарсы киетін костюмдерді өздері тігіп алып жатыр, – деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Алматы қаласындағы жедел жәрдем бригадасы толықтай жеке қорғаныс құралдарының барлық түрімен жеткілікті мөлшерде жабдықталған. Атап айтқанда, бүгінде қаланың медициналық станциялары мен қосалқы станцияларында 400-ден астам медициналық костюмдер бар. Жедел жәрдем бригадасы жеке қорғаныс құралдарын әр шақырудан соң жаңартып отырады. Арнайы көліктерді залалсыздандыру жұмыстарына келетін болсақ, бұл процедура санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай жүзеге асырылады», – делінген хабарламада.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар