#
#
Cәрсенбі 23/10/2019

Алматыда балалы әйелге шабуыл жасаған ер адамға іздеу жарияланды

  • 17.09.2019
  • 0
  • 420

Алматы полициясы арбамен бала сүйреткен әйелді тапа-тал түсте тонап кеткен ер адамды іздеп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бұл қылмыс бойынша ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігіне сәйкес іс қозғалды. Жетісу аудандық полиция басқармасы 11 қыркүйекте кішкентай баласы бар 28 жастағы әйелді тонап кеткен азиат ер адамға іздеу салады. Күдікті шамамен 28-30 жаста. Бойы - 170-175 см. Үстіне ақ жолақтары бар көк түсті кеудеше, қара спорттық шалбар, аяғына көк түсті кроссовка, басына ақ кепка киген», - деп хабарлайды Алматы қалалық ПД.

Полиция осы адамды көрген немесе танитын жандар болса, мына телефон нөмірлеріне хабарласуын өтінеді: 254-49-01; 254-49-02; 254-49-06; 8-702-870-06-95; 8-708-952-55-94 немесе 102.

Еске салайық, аталмыш оқиға Саяхат маңындағы ауладағы камералардың біріне түсіп қалған. Бұл видео әлеуметтік желіде тарады. Жәбірленушінің айтуынша, ер адам оның мойнындағы алтын алқасын жұлып әкеткен.


0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар