#
#
Сейсенбі 15/10/2019

"Алматыда балаларды жаппай ұрлап жатыр": полиция түсініктеме берді

  • 03.10.2019
  • 0
  • 374

Әлеуметтік желілерде Алматы мен Алматы облысында балаларды ұрлап жатыр деген ақпарат тараған болатын. Полиция мұны жоққа шығарды. Тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқандарды іздеп жатыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Дыбыстық хабарламада әйел Алматы облысы мен мегаполистің кейбір аудандарында 2-16 жас аралығындағы балаларды ұрлау фактісі жиілеп кеткенін хабарлаған.

Кейін ол Алматыдағы полиция департаментіне видео келіп түскенін айтады. Оның айтуынша, Қытайда жүк көліктерінен мұзға "қатырылған" қазақстандық балаларды түсіріп жатқан сәт видеоға түсіп қалған.

Алматының полиция департаменті бұл ақпарат мүлдем шындыққа жанаспайды деп отыр.

"Хабарламада айтылған ақпарат жалған. Бірде-бір факт дәлелденген жоқ", - деді Алматылық полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Полициядағылар бұл ақпаратты таратушылардың мақсаты халық арасында дүрбелең туғызу екенін айтады.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр. Жалған ақпарат таратқан адам қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР