30 нау, 2020 сағат 12:18

Алматыда аулада қараусыз ойнап жүрген баланың ата-анасына айыппұл салынады

Көшеде және аулада ойнап жүрген балалардың ата-анасына айыппұл салынады. Бұл туралы Алматы қалалық ПД басшысы Қанат Таймерденов онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Көшеде үлкен адамдардың қарауынсыз жүрген кәмелеттік жасқа толмағандар ерекше назарға алынады. Мұндай жағдайда олардың ата-анасы немесе қамқоршылары ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 476-бабы бойынша жауапқа тартылады», – деді Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ, ол 65 жастан асқан азаматтарға үйден шықпауға кеңес берді.