11 мам, 2017 сағат 16:14

Алматыда қылмыстық топтың мүшелері ұсталды (Фото)

Алматы полициясы қылмыстық топтың мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі. 

Арнайы операция Жандосов пен Алтынсарин көшелерінің қиылысында болды. 

"Менің үйімнің жанында үш ер адам жатыр, кісен салынған, полиция, кептеліс", - деп жазды Instagram желісінде журналист Марина Михтаева

Өз кезегінде, Алматы полициясының өкілдері қылмыстық топтың үш мүшесін ұстау бойынша арнайы операция жүргізілгенін растады. 

"Криминалдық полиция басқармасы қылмыстық топтың жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді. Олар - Алматы облысының тұрғындары, пәтер мен көліктерді тонап жүрген. Тағы бір нұсқа бойынша, олар көліктерді техникалық құралдармен скандау арқылы ашып, тонаған. Олар көлікпен кетіп бара жатқанда алдына тосқауыл қойылып, ұсталды", - деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.