02 сәу, 2020 сағат 09:19

Алматыда 90 адам коронавирус жұқтырған

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев қаладағы эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның айтуынша, Алматыда 90 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. 

«Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 90 жағдайы тіркелді. Инфекциялық стационарларда Алматы облысынан 1 пациентті ескергенде 80 адам жатыр, оның ішінде 1 бала бар. Барлық байланыста болған адамдар табылып, оқшауланды. Кеше Covid-19-дан сауығып, тағы бір пациент ауруханадан шығарылды. Жалпы Алматыда 11 адам жазылып шықты. Қазіргі уақытта провизорлық орталықтарда барлығы 619 адам болса, оның ішінде 81-і — бала. Екі күндік карантиндік оқшаулауда 520 адам жатыр, оның ішінде 50-і бала. Үй карантинінде 3853 азамат бар», - деді Тілеухан Әбілдаев.