#
#
Бейсенбі 17/10/2019

Алматыда 5 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды

  • 20.09.2019
  • 0
  • 1460

Алматыда бірнеше аудан электр жарығынсыз қалды. Қала әкімдігі себебін түсіндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«20 қыркүйекте Момышұлы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысында жаңадан салынып жатқан мейрамхана жанында жерасты жұмыстарын жүргізу кезінде Нұркент 1-2 (Атлеттер ауылы) және Алмалы ықшамаудандарын, №201 мектеп пен балабақшаны электр жарығымен қамтамасыз ететін кабель зақымданған», - деп хабарлады әкімдіктен.

Соның салдарынан 5365 жеке және 44 заңды тұлға жарықсыз қалған. Апатты жоюмен «АЖК» АҚ-ның 3 арнайы техникасы және 5 жұмысшысы айналысуда. Кешкі сағат 19.00-де электр жарығы қайта берілетіні уәде етілді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар