20 ақп, 2020 сағат 14:52

Алматыда 3 оқушы батып кеткен су қоймасы қоршалады

Алматы қаласының Алатау ауданы Теректі ауылындағы су қоймасы қоршалатын болды. Бұл су қоймасына мектепке бара жатқан 3 оқушы батып кеткен болатын, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгінде барлық су қоймалары бойынша санақ жүріп жатыр. Балаларға келуге тыйым салынады деген белгілер жасалып жатыр. Бізде жұмыс тобы құрылды. Болашақта су қоймаларын қоршайтын боламыз. Бірақ қалай екенін әзірге талқылап жатырмыз», - деді Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков қоғамдық кеңесте өткен жиын барысында.

Айта кету керек, 13 ақпанда 13 жастағы үш оқушы Денис Мельников, Вадим Сизов, Сабыр Дүйсеғалиев мұзы жұқа көлдің үстімен жүреміз деп суға кеткен болатын.

Қайғылы оқиға бойынша полиция тергеудің басталғанын хабарлады.