#
#
Сенбі 06/06/2020

Алматыда 12 жасар қыз бала коронавирустан айықты

  • 27.03.2020
  • 0
  • 253

Қазақстанда тағы бір адам Covid-19 дертінен айықты. Ол - Алматыдағы балалар инфекциялық ауруханасында жатқан 12 жасар қыз бала. Аурудан жазылған бала 28 наурызда ауруханадан шығады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қазір елде барлығы төрт адам аурудан жазылды. Осыған дейін Алматыда үш адам, Нұр-Сұлтанда бір адам ауруханадан шыққан.

Елде қазір 126 адамға вирус жұққаны анықталды: Алматыда - 48 адам, Нұр-Сұлтанда - 61 адам, Қарағандыда - төрт адам, Жамбыл облысында - үш адам, Шымкентте - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында - бір адам, Атырау облысында - үш адам, Павлодар облысында, Маңғыстау облысында бір адам.

26 наурыз кешкісін Нұр-Сұлтанда 64 жастағы бір әйел адам Covid-19 дертінен қайтыс болды. 

27 наурызда Павлодар, Атырау және Маңғыстау облысында коронавирус алғаш рет тіркелді.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті.

Ал 28 наурыздан бастап елдегі ірі үш қалада - Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкентте шектеулер күшейеді:

  • Енді үш қаладағы жұрт жұмысқа, азық-түлік және дәрі алуға ғана шыға алады.
  • Парк, жаяу жүргіншілер көшесі, жағалаулар, ойын алаңдары жабылады.
  • Қоғамдық көліктердің жұмысы шектеле бастайды.
  • Қоғамдық орындарда үш адамнан артық жиналуға болмайды. Бұл шектеудің бір отбасының адамдарына қатысы жоқ.
  • Балалар ересектерсіз көшеге шығуға тыйым салынады.

Өткен жылдың соңында Қытайда алғаш рет тіркелгелі бері әлемде коронавирус жұқтырғанар жарты миллионға жуықтап қалды. АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің дерегінше, 26 наурызда әлемде вирус жұқтырғандар 490 мыңнан асты. 22 мыңнан аса адам қаза болып, 119 мыңнан астам науқас дерттен айықты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid-19 коронавирусын "пандемия" деп жариялаған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар