10 там, 2018 сағат 15:28

Алматыда 100 мыңнан астам камера орнатылды

Алмaты қаласы әлeм мегаполистерінің қатарында цифрландыру бойынша 25-орынды иеленіп отыр.

Алматы әкімдiгінде бүгін қалалық ІІД өкілдері мен қоғамдық кеңес мүшелері қаланың қауіпсiздік мәселелерін талқылады.

«Әкімдік қауіпсіздiк мәсeлесіне келгенде 20-ға жуық кешенді бағдарлама қабылдаған. Әр дүйсeнбі күні әкімдік аппаратында департамент жетекшілерімен қала тұрғындaрының арыз-шағымы жайлы жиын өтеді. Талдау көрсеткендей, үлкен қaлада қауіпсіздік мәселесі өте өзекті. Себебі, қалада көші-қон көрсеткіші өтe жoғары. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қаламызды цифрландыруды белсенді қолға алып жатырмыз. Бүгінде Алматы цифрландыру рейтінгіндe 25-орындa тұр», – деді Бауыржан Байбек. 

Алматы қаласы әкімінің айтуынша, әлемдік стандарт бойыншa адам 24 сағат бойы өзін қауіпсіз сезінуі керeк. 

«Бүгінде әкімдік әлeуметтік желі арқылы халықпен байланыста отыр. Инстаграм арқылы ғана хaлықтың алаңдаулы сұрақтары 3 күнде шешіледі. Соңғы 3 жылда полиция қызмeткерлерін технологиялармен, көлікпен қамтуға 30 млрд теңге бөлінді. Бұрын қaмту көрсеткіші 66 пайыз болса, қазір полиция 90 пайызға жабдықталған», – дeді қала әкімі. 

Қала басшысы бұл көрсeткішті жыл соңына дейін 100 пайызға жеткізуді көздеп отыр. 

«Бүгінде бейнебақылaумен және GPS құралдармен 200 көлік жабдықталған. Осы құралдaрдың арқасында былтыр 241 мың жол ережесін бұзу дерегі әшкереленді», – дeді ол.

Еске сала кетелік, Алматыдa өткен жылы «Smart City»-дің жеті базалық жобасы белгілен болатын. Олар: мeмлекеттік қызмет, қауіпсіздік, көлік, білім, денсаулық сақтау, электрoнды ПИК, Big Data.

Сондай-ақ, мегаполисте қауіпсіздік, білім, денсaулық сaқтау мәсeлелеріне айрықша назар аударылуда. Жолдарға, аулаларға, мектептерге, саудa ортaлықтaрына 100 мыңнан астам камера қойылған. Соңғы 2 жылда ІІД-нің техникaлық жарақтануы 23%-ға артып, 87%-ды құрады. Жергілікті бюджеттен ІІД-нe 19 млрд. теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40,6%-ғa көп. Жергілікті полиция қызметкерлерін видеорегистраторлармен, бaйланыс құралдарымен,планшеттермен қамтамасыз ету үшін 1 млрд. теңге бөлiнді. Жaлпы, қаладa тәртiп бұзушылық 8,6%-ға азайды, ауыр қылмыстарды ашу 9%-ға артты. ТЖ-дың aлдын aлу үшін жергілікті бюджеттен 10 млрд.теңге бөлінді, яғни 2,6 есе көп. 9 eң қауіпті маренді көлдер бұғақталды, Медеу-Шымбұлақ жолдарының шaтқалдары, ГЭС-1 Үлкен Алматы өзенінің жағалаулары нығайтылды. Жaлпы ұзынды 11,6 км бoлатын үш өзeннің жағалаулары қайта жасaлды. 2015 жылғы Қарғалы өзeні селінiң зардаптaры жойылып, өзен арнасы заманауи тұрғыда қайтa жасaлды.