11 шіл, 2019 сағат 11:39

Алматы зообағында арыстанның абданы өлді

Алматы зообағында арыстанның абданы өлді. Бұл ақпаратты қалалық Зообақ директоры Вячеслав Банщиков растады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Арыстанның неден өлгенін айта алмаймын. Бұл абданды (арыстанның баласы) біз өзіміз жақында қолдан алған болатынбыз», - деді Вячеслав Банщиков.

Ертең зообақ басшылығы аталған оқиғаға байланысты баспасөз мәслихатын өткізбек.