23 шіл, 2019 сағат 08:27

"Алматы" телеарнасының басшысы тағайындалды

Нұржан Мұхамеджанова "Алматы" телеарнасының бас директоры болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Алматы" телеарнасы директорлар кеңесінің шешімімен "Қазақ радиолары" ЖШС бұрынғы бас директоры Нұржан Мұхамеджанов "Алматы" телеарнасының бас директоры қызметіне тағайындалды", - делінген Алматы әкімдігінің сайтында.  

Мұхамеджанова Нұржан Жалауқызы еңбек жолын Қазақ радиосында балалар мен жастарға арналған бағдарламалар редакторы қызметінен бастаған. 1991 жылы Қазақ радиосының "Шалқар" ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар редакциясының бас редакторы болып тағайындалды.

1992 - 1994 жылдары Қазақ радиосының саяси сарапшысы және Бас директордың бірінші орынбасары қызметін атқарды. 1995 - 1997 жылдары ҚР Президентінің баспасөз қызметінде енбек етті. 1997 - 2006 жылдары Қазақстандағы Internews Network Халықаралық ұйымы өкілдігінің директор орынбасары, атқарушы директоры болды.

2006 - 2011 жылдары "31 телеарнасына" жетекшілік етті. 2011 жылдың шілде айынан бастап 2016 жылдың қазан айына дейін "Қазақстан" АҚ ТРК Басқарма Төрайымы қызметін атқарды. 2016 жылдан бүгінгі күнге дейін "31 арнаның" Бас продюсері, "Қазақстан" АҚ ТРК құрамындағы "Қазақ Радиолары" ЖШС Бас директоры қызметінде болды. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері.

Айта кетейік, бұрындары "Алматы" телеарнасын Болат Кальянбеков басқарған. 10 шілдеде ол Nur Media холдингі бас директоры болып тағайындалды.