11 қар, 2019 сағат 10:43

Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

Алматы облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейніндегі тау бөктеріне қалың қар жауып, қазір қар қабаты орнықсыз жағдайда. Осыған байланысты 11-12 қарашада тау баурайында қар көшкіні болуы мүмкін», деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитеті.