13 қыр, 2019 сағат 13:48

Алматы соты Майя Манезаға айыппұл салды

Белгілі спортшы, зілтемірші Майя Манеза әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Volkswagen көлігінің жүргізушісі Майя Манеза Қарасай батыр-Жароков көшелерінің қиылысында Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.

Сот барысында спортшы өз айыбын мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді.

«Майя Манезаның айыбы толығымен дәлелденді. Осылайша судья оған 50 500 теңге көлемінде айыппұл салды», - деді баспасөз қызметінен.