21 қаз, 2019 сағат 08:00

Алматы-Өскемен күре жолының учаскесі жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы-Өскемен көлік жолының екі учаскесі жабылды, – деп хабарланды «Казахавтодор» РМК ресми сайтында.

«Көктайғақ пен желге байланысты Алматы-Өскемен автожолының екі учаскесі - сағат 19:50-тен бастап 778-967 км (Аягөз қаласы - Қалбатау елді мекені), 20:40-дан – 971-1068 км (Қалбатау елді мекені - Қасым Қайсенов кенті) жүк көлігі мен қоғамдық көліктің барлық түрі үшін жабылды», - делінген хабарламада.